ТУРНИР ЕРЕЖЕСІ «DOTA 1x1»
1. Турнирдің өткізу жүйесі
1.1. Турнир 2024 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы қаласында «The International ПАБСТОМП Almaty 2024» аясында өтеді.
1.2. Турнир Алматы қаласы, Абай даңғылы 44 мекенжайы бойынша орналасқан «Балуан Шолақ» атындағы Спорт Сарайында өтеді.
1.3. Турнирге 18 жасқа толған барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
1.4. Қатысушылардың максималды саны: 64 ойыншы.
1.5. Турнирге қатысу – тегін.
1.6. Турнир 2024 жылдың 15 қыркүйегінде өтеді.
1.7. Өткізу жүйесі – Single Elimination (Олимпиадалық жүйе, кез келген матчта 1 рет жеңілгеннен кейін турнирден шығу).
1.7.1. Кезеңдер:
1-ші раунд (64 ойыншы): барлық тіркелген ойыншылар қатысады. Жеңімпаздар келесі раундқа өтеді.
2-ші раунд (32 ойыншы): 1-ші раундтың жеңімпаздары тартысты жалғастырады.
3-ші раунд (16 ойыншы): 2-ші раундтың жеңімпаздары ширек финалға шығу үшін ойнайды.
Ширек финал (8 ойыншы): 3-ші раундтың жеңімпаздары жартылай финалға шығады.
Жартылай финал (4 ойыншы): Жеңімпаздар финалға шығады, ал жеңілгендер 3-ші орын үшін ойнайды.
Финал (2 ойыншы): турнир жеңімпазы анықталады.
1.7.2. Матчтар тәртібі:
Барлық матчтар жартылай финалға дейін Best of 1 жүйесі бойынша өтеді.
Жартылай финалдар мен финал Best of 3 форматында өтеді.
Бір матчқа бөлінетін уақыт: максимум 15 минут (Bo3 матчтары үшін белгіленген уақытқа сәйкес).
1.7.3. Кесте:
14:30 - Ойындардың басталуы.
2. Қатысушыларды тіркеу
2.1. Тіркелу 14 қыркүйекке дейін https://forms.gle/8HPF9EDzJgdn3FcC8 сілтемесі бойынша өтеді.
2.2. Сондай-ақ, 64 қатысушы жиналмаған жағдайда, турнир өтетін күні өткізу орнында тіркелуге болады.
2.3. Толық кесте 2024 жылдың 15 қыркүйегінде белгілі болады.
3. Турнир ережелері
3.1. Матч жеңімпазы – екі рет өлтірген немесе қарсыластың мұнарасын қиратқан ойыншы болып табылады.
3.2. /roll командасы арқылы үлкенірек сан шығарған ойыншыға тарапты таңдау және бірінші болып кейіпкерді банға жіберу құқығы беріледі.
3.3. Ойын басталар алдында ойыншылар тоғыз кейіпкердің бірін таңдайды: Windranger, Shadow Fiend, Lina, Queen of Pain, Storm Spirit, Mirana, Pudge, Puck, Meepo.
3.4. Кейіпкерді таңдау қалғандарын банға жіберу арқылы жүзеге асады: ойыншылар кезек-кезек батырларға тыйым салады(банға жібереді), тыйым салынбаған кейіпкер ойынға таңдалады.
3.5. «Creepskip» жасауға, сонымен қатар орталық сызық бойынша мұнараға «Glyph» қолдануға рұқсат беріледі.
3.6. Басқа сызықтарға өтуге және орманды фармдауға тыйым салынады.
3.7. Рундарды, bottle-дарды және Infused Raindrop-ты қолдануға тыйым салынады.
3.8. Орман криптеріне Helm of the Dominator қолдануға тыйым салынады.
3.9. Бірінші крип толқынын тоқтатуға тыйым салынады.
3.10. Турнирлік кесте challonge.com сайты арқылы кездейсоқ тәртіппен құрылады.
3.11. Ойын аяқталғаннан кейін матчта жеңіске жеткен ойыншы нәтижелерді Discord арнасындағы «Нәтижелер» бөлімінде жіберуге міндетті. Формасыз жіберілген нәтижелер қабылданбайды. Нәтижелерді қайтадан дұрыс жібермеген жағдайда жеңіске жеткен командаға осы матчта жеңіліс беріледі. Бұл шешім төрешінің даулауына жатпайды.
3.12. Лобби жасау ережелері:
Лоббиді турнирлік кестеде жоғары ұяшықта орналасқан ойыншы жасайды.
Төменгі кестедегі ойыншы жоғары кестедегі ойыншы жасаған лоббиді іздейді.
Тараптарды таңдау тәртібі лобби ішінде ойыншылармен талқыланады, келісімге келу мүмкін болмаған жағдайда /roll командасы қолданылады.
Лобби параметрлері: 1x1 Solo Mid, Сервер: Люксембург, көрермендерге рұқсат етілген; читы өшірілген, бос слоттарда боттар жоқ. Ойын атауы: ойыншылардың никнеймдері, құпиясөз: 123123.
4. Қатысушылар
4.1. Күдік туындаған жағдайда, әрбір ойыншы төрешінің алғашқы талабы бойынша турнир төрешілері тарапынан қосымша тексеруден өтуге міндетті. Турнир ұйымдастырушысы кез келген уақытта қатысушыдан жасын, азаматтығын және т.б. растауды сұрай алады, бұл оның турнирге қатысу құқығын растайтын құжаттар болуы керек.
4.2. Никнеймде және команда атауында балағат, қорлау және әдепсіз сөздерді қолдануға тыйым салынады.
4.3. Басқа қатысушыларды, турнир ұйымдастырушыларын, төрешілерді қорлауға тыйым салынады.
4.4. Турнирге мас күйінде қатысуға тыйым салынады. Бұл ережені бір немесе бірнеше ойыншы бұзған жағдайда, команда турнирден шеттетіледі.
4.5. Ойыншыларға, төрешілерге қатысты кез келген формадағы дискриминация және құрметсіздік көрсетуге тыйым салынады.
4.6. Турнирге қатысу үшін әрбір ойыншыда ойынның өзекті нұсқасы бар аккаунт болуы керек.
4.7. Турнир матчы аяқталып, бір команда жеңіске жеткеннен кейін, командалар нәтижені төрешіге/турнир ұйымдастырушысына хабарлауы керек.
5. Техникалық жеңіліс
5.1. Ойыншы 15 минуттан астам кешіккен жағдайда, оған техникалық жеңіліс беріледі.
5.2. Матч барысында балағат сөздер қолданған жағдайда, ойыншыға техникалық жеңіліс беріледі. Дәлел ретінде төрешілерге қорлау сөздері бар скриншотты ұсыну қажет. Жеңіліс төрешінің растауынан кейін ғана саналады.
5.3. Ойыншы карта багтарын қолданғаны үшін техникалық жеңіліске ұшырайды.
6. Төрешілік
6.1. Төрешілік бас төрешінің жетекшілігімен төрешілер бригадасы тарапынан жүзеге асырылады.
6.2. Төрешілердің міндеттері:
6.2.1. Іріктеу кезеңі басталмас бұрын, төрешілер қатысушылардың ойындарын турнир кестесі бойынша орналастыруға міндетті.
6.2.2. Командалардың ойыншыларына осы ережені жеткізуге міндетті.
6.2.3. Командалардан өтінімдерді жинауға міндетті.
6.3. Төрешілердің құқықтары:
6.3.1. Төреші себептерін түсіндірместен команданы жеңілген деп жариялауға құқылы.
6.3.2. Төреші ойын кезінде қатысушылардың сұрақтарына жауап бермеуге құқылы.
6.3.3. Бас төреші басқа төрешілермен, басқа командалардың капитандарымен кеңесу құқығына ие, алайда шешуші сөз және оған жауапкершілік бас төрешіде қалады.
6.4. Даулы жағдайларды шешу. Даулы сұрақтар ағымдағы ойын аяқталғаннан кейін тек команда капитанының бас төрешіге жүгінуі арқылы шешіледі.
6.5. Турнирдің Бас Ұйымдастырушысы – Иминов Бахтияр
Турнирдің Бас Төрешісі – Фоломешкин Александр